19:19, 17 Наурыз 2025 | GMT +5
Елде қанша автокөлік бар
АСТАНА. KAZINFORM — 149,2 мың автокөлік құралдары ақпан айында есепке қойылды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

— 2025 жылғы ақпанда 149,2 мың автокөлік құралы есепке қойылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2% артты, — делінген хабарламада.
Оның ішінде жеңіл автомобильдер саны 8%, жүк автомобильдері 26,2% артты, ал автобустар 6,8% кеміді.
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5791,7 мың болды, оның ішінде 88,1% жеңіл автомобильдер, 9,9% жүк автомобильдері және 2% автобустар.
Айта кетелік жеке адамдар автокөлік пен жылжымайтын мүлікті лизингке ала алатыны туралы жазған едік.