Елде стоматологиялық клиникалар жаппай тексеріліп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда стоматологиялық клиникалар жаппай тексеріліп жатыр. 441 -і тізімге енген. Соның 274-і тексерілді. Бұл туралы Jibek joly телеарнасының жаңалықтар қызметінде айтты.
Оларға 58 жарым миллион теңгедей айыппұл салынды.
Көбінің заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызмет көрсеткені анықталды.
Біразы МӘМС бойынша өрескел қате жіберген. Медициналық көмекті көрсету стандарттарын, лицензиялық талаптарын өрескел бұзғаны да бар.
Мұндай клиникалардың көбі Маңғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелген.
Тексеру жұмыстары мамыр айының соңына дейін жалғасады.
Айта кетелік БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатқаны туралы жазған едік.