Елдің қай аймақтары балалар үшін әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз саналады

Ведомство есебі бойынша былтыр Қазақстандағы балалар саны - 6 616 774.
Оның ішінде 3,7 млн-нан астамы оқушы болса, 2,5 млн - мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер, ал 400 мыңнан астамы - колледж студенттері.
«Жағдай жасаудың жүйелі мониторингі, сондай-ақ проблемаларды уақтылы анықтау және шешімдерді жедел қабылдау үшін былтыр 56 индикатордан тұратын балалардың әл-ауқатының индексі қабылданды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша балалардың әл-ауқатының орташа бағасы республика бойынша 55,3 балды құрайды. Алматы қаласы Қазақстандағы балалар үшін ең қолайлы өңір саналады (63,3 балл), келесі орында – Қызылорда (62,1 балл) және Ақтөбе облысы (59,9 балл). Қостанай (49,7 балл), Батыс Қазақстан (47,4 балл) және Ақмола (43,8 балл) облыстары қолайсыз өңірлер санатында» делінген құжатта.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жыл сайын 3 мыңнан астам жасөспірім мен 6,4 мыңнан астам тұрмысы нашар отбасы ішкі істер органдарының есебіне алынады.