Елдің 15 өңірінде және Астанада ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат – 11 қараша күні Қазақстанның 15 өңірінде және Астанада қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Жетісу облысының шығысында және таулы аймақтарында түнде тұман түседі. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Таулы аймақтарда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Тараз қаласында да түнде және таңертең тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстікте және шығыста тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігінде түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын және көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын және көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Павлодар қаласында да күндіз жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ болады.
Атырау облысының батысы мен шығысында түнде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Атырау қаласында тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі.
Абай облысының оңтүстігі, шығысы және орталығында түнде қар, көктайғақ, бұрқасын болды. Ал облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні кей жерлерде 15-25 м/с дейін жетеді. Семей қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде түнде қар, көктайғақ және бұрқасын болады. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пен бұрқасын болады. Кей өңірлерде тұман түседі. Желдің екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін. Өскеменде түнде қар, көктайғақ және бұрқасын күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі. Күндіз солтүстік пен шығыста желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар, жауын-шашын жауып, көктайғақ пен бұрқасын болады. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда да осындай ауа райы болады.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және бұрқасын болады. Күндіз де жауын-шашын, көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді. Көкшетауда күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пен бұрқасын болады.
Қостанай облысының батысында түнде және күндіз жаңбыр мен қар, көктайғақ және бұрқасын болады. Түнде және таңертең кей өңірлерде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай қаласында да күндіз осындай ауа райы болжанып отыр.
Астанада көктайғақ күтіледі. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман күтіледі.
Осыған дейін Астанада қар күреу жұмысына 3000-ға жуық коммуналдық қызметкер жұмылдырылғаны туралы жаздық.