Елдің оңтүстігінде күн суытады

АСТАНА. KAZINFORM — Күздің жылы күндерінен кейін солтүстік өңірлерінде түнгі уақытта ауа температурасы минус көрсеткіштерге дейін төмендеп, кейбір аудандарда жаңбыр қарға ұласты. 

Елдің оңтүстігінде күн суытады
Фото: pexels

 Алдағы күндері суық антициклон Қазақстан аумағы арқылы жылжып, оңтүстікке бет алады. Циклонның әсерінен оңтүстік өңірлерде күн суытады.

Осылайша, 1 қазанда Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу облысында, ал 2 қазанға қараған түні Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбырдың қарға ауысуы) болжанады.

Сондай-ақ, 1 қазан күні күндіз ауа температурасының 5-10 градус жылы болса, 2 қазанға қараған түні 1-3 градус үсік жүреді. 

Айта кетелік Қостанай облысына қар түскен еді

Соңғы жаңалықтар