Елдос Сметов Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатыспақ

АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін «Үлкен дулыға» турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.

Елдос Сметов Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде бақ сынайды
Фото: ҚР ҰОК

Тізімге Қазақстан құрамасынан жеті ер спортшы кірді.

60 келіге дейін: Елдос Сметов, Талғат Орынбасар;

66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Ақылжан Жұбатқанов;

81 келіге дейін: Жалғас Қайролла;

90 келіге дейін: Айдар Арапов;

100 келіге дейін: Марат Байқамуров.

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Grand Slam турнирі 29-31 қазан аралығында өтеді.

Еске салайық, бұған дейін дзюдошы Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтағанын жазған едік.