Электр стансалары мен электр желілерінің 70% жаңғырту қажет – министрлік
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда электр стансалары мен электр желілері жабдығының 70%-ға жуығы жаңғыртуды қажет етеді.

- Электр энергетика саласының орнықты дамуы, энергетикалық қауіпсіздікті арттыру және еліміздің Орталық Азия өңіріндегі ұстанымын нығайту үшін маңызды. Бүгінде ЖІӨ-нің 8%-дан астамын құрайды және өткен жылы электр энергиясын өндіру көлемі 110 млрд кВт-тан асты. Сонымен қатар, электр стансалары мен электр желілері жабдығының 70%-ға жуығы жаңғыртуды талап етеді, - деді Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс елордада «Электр энергетика саласындағы отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстелде.
Вице-министрдің айтуынша, тозығы жеткен электр желілерін жаңғырту отандық тауар өндірушілер үшін мүмкіндік.
Одан әрі ол Үкіметтің осы бағыттағы қолға алған шараларға тоқталды.
- Отандық электр энергетикасы саласындағы негізгі құралдардың бірі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жаңғырту бойынша әзірленіп жатқан ұлттық жобаны айтуға болады. Бұл жоба энергетикалық инфрақұрылымды жаңартуға, энергия тиімділігін арттыруға және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған. Отандық тауар өндірушілердің осы ұлттық жобаны іске асыруға қатысуына ерекше назар аударылады. Қазақстандық компаниялардың электр жабдығын негізгі жеткізушісі болуы маңызды, осыған байланысты Үкімет жергілікті өндірістің жабдығын сатып алу бойынша ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуды қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын енгізуді жалғастыруда. Мысалы, биыл 9 айдың ішінде субъектілермен «Тауар-жұмыс-қызмет» көлемі 21,2 трлн теңгені құрайды, оның ішінде 11 млрд теңге жергілікті субъектілер есебінен, яғни 51,8%, - дейді ол.
Биыл энергетика және коммуналдық секторларға қатысты ұлттық жоба қабылданады