Елена Рыбакина әлемдік рейтингідегі орнын сақтап қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингінің үздік бестігіндегі орнын сақтап қалды.

WTA қорытынды турнирі: Елена Рыбакина үшінші жеңісіне қол жеткізді
Фото: ҚТФ

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл қорытындысы бойынша әлемдік рейтингті жариялады.

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина үздік бестіктегі орнын сақтап қалды. Ол маусымды әлемнің бесінші ракеткасы ретінде аяқтады.

Юлия Путинцева рейтингте 71-орынға жайғасса, Зарина Диас 285-сатыда тұр. Ал жұптық сында Анна Данилина 15-орындағы орнын сақтап қалды.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Шэньчжэнь қаласында World Tennis Continental Cup көрме турнирін жеңіспен түйіндеді.

 

Соңғы жаңалықтар