Елена Рыбакина Аустралиядағы тағы бір ірі жарысты сәтті бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаиде (Аустралия) WTA 500 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Kazinform.

Елена Рыбакина
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 61-орында тұрған түбі молдовалық, Испания өкілі Кристина Бучамен кортқа шықты.

Бірінші партия ортасында Е.Рыбакина брейк жасай білді – 6:3.

Елена екінші сетті брейкпен бастады – 2:0. Дегенмен Кристина таразы басын теңестіре алды – 3:3. Есеп 5:5 болған мезетте Рыбакина тағы бір брейкке қол жеткізді. Ақыры екінші матчболын эйспен түйіндеді – 7:5.

Сағат жарымға созылған бәсекеде Елена 11 брейк жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. К.Буча 1 эйс, 1 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, доданы екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші ширек финалға жолдама алды.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін ресейліктер, әлемнің 16-ракеткасы Вероника Кудерметова немесе рейтингіде 21-сатыдағы Екатерина Александрованың қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Недовесов Аустралиядағы турнирдің ширек финалына шықты.

Александр Бублик 21 эйс жасап, Аделаиде турнирінің ширек финалына өтті.

 

Соңғы жаңалықтар