Елена Рыбакина бірегей көрсеткішке қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Елена Рыбакина биылғы маусымда «Үлкен дулыға», сондай-ақ WTA 1000 және WTA 500 турнирлерінде 10-нан астам жеңіске қол жеткізген әлемдегі жалғыз теннисші атанды.
Бұл мәліметті Е.Рыбакина Токио WTA 500 жарысының жартылай финалына шыққаннан кейін OptaAce сайты жария етті.
Эйс саны жөнінен алдына жан салмай келе жатқан қазақстандық теннисші сонымен қатар жылдың қорытынды турниріне үш жыл қатарынан жолдама алды. 2003 жылдан бері мұндай нәтижеге биыл Е.Рыбакинадан басқа Арина Соболенко, Ига Швентек, Джессика Пегула, Кори Гауфф ие болып отыр.
WTA қорытынды додасы 1-8 қарашада Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) өтеді. Онда аталған бес спортшыдан басқа Аманда Анисимова, Жасмин Паолини және Мэдисон Киз өнер көрсетеді.
Өткен жылы бұл жарыста Кори Гауфф чемпион атанған болатын.
Е.Рыбакина сонымен қатар алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде Ж.Паолиниді артқа тастап, 6-орынға көтеріледі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бубликтің Вена турнирінің ширек финалында әлемнің 1-ракеткасымен кездесуі мүмкін екендігін жазған едік.
Сондай-ақ Елена Рыбакина жылдың қорытынды турниріне жолдама алды.
Анна Данилина Токио турнирінің жартылай финалына шықты.