Елена Рыбакина WTA Live рейтингінде көш бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионаты басталғаннан кейін Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) Live рейтингінде бірінші орынға көтерілді.

Елена Рыбакина
Фото: ҚТФ

Қазіргі таңда Е.Рыбакинаның еншісінде 7 911 ұпай бар. 

Беларусь өкілі Арина Соболенко 6 585 ұпаймен екінші сатыға ығысты. 

Сондай-ақ америкалықтар Джессика Пегула мен Кори Гауфта сәйкесінше 6 555 және 6 484 ұпайдан бар. 

Теннисшілердің әлемдік рейтингідегі нақты орындары олардың АҚШ ашық чемпионатында қалай өнер көрсететініне байланысты айқындалады. Е.Рыбакина жартылай финалға дейін жетсе, басқа спортшылардың нәтижесіне қарамастан, рейтингіде көш бастайды.

Аталмыш «Үлкен дулыға» турнирі басталғанға дейін жарияланған WTA-ның ресми рейтингісінде А.Соболенко 8 575 ұпаймен бұрынғыша көш бастап тұр. Ал 8 141 ұпай жинаған Е.Рыбакина екінші орында.

Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде 5 492 ұпаймен көшбасшылық орнын сақтап қалды. А.Соболенко (5 185) екінші, ресейлік Мирра Андреева (5 184) үшінші сатыда тұр. Сондай-ақ ТОП-5-ке америкалықтар Д. Пегула (5 045) мен К.Гауфф (4 874 ұпай) кірді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Александр Шевченконың бес сеттік матчта жеңіліп қалғанын жазған едік. 

АҚШ ашық чемпионатында Александр Бублик алғашқы жеңісіне қол жеткізді

«Үлкен дулыға» турнирінде Новак Джокович соңғы 20 жылда алғаш рет бірінші айналымнан аса алмады.