11:27, 17 Мамыр 2021 | GMT +5
Елімізде апта ішінде 3 мыңнан аса қылмыс тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде апта ішінде 3 225 қылмыс тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір апта ішінде 3 225 қылмыс жасалды, оның 2222-сі тәулік ішінде ашылды», - деді ресми өкіл Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында.
Оның атап өтуінше, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 37 тонау және 463 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Нұрділдә Ораз.