Елімізде балаларға қатысты қылмыс саны азайды

«Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың төмендеп жатқанын атап өткен жөн. Бұл көрсеткіш жыл сайын мыңнан астам фактіге азайып келеді. 2013 жылдан бастап олардың саны 5 есеге – 9 мыңнан 1800 фактіге (2020 ж.) дейін азайған», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк ІІМ-де өткен онлайн-брифинг барысында.
Оның айтуынша, кәмелетке толмағандардың денсаулығына ауыр зиян келтіру 12%-ға, оларға қатысты жасалған қарақшылық 71%-ға, ұрлық 43,7%-ға, тонау 49,6%-ға және бұзақылық 27%-ға төмендегені байқалады.
«Сондай-ақ, ІІМ кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық көрсету қылмыс саны соңғы 5 жылда 1,5 есеге қысқарды», - дейді спикер.
Бұған дейін А. Милюк Қазақстанда 5 мыңнан астам бала полиция есебінде тұрғанын айтқан еді.