Елімізде балаларға қатысты жасалатын жыныстық қолсұғушылық қылмыстары 22,7%-ға азайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар саны биыл 22,7 пайызға азайды.
None

Мұны Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы 10 жылда қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған құқық бұзушылықтар саны жыл сайын 1 мыңнан астам дерекке азайып келеді. 2013 жылдан бастап олардың саны 4 есе кеміді. Мәселен, 2013 жылғы 8966 дерек тіркелсе, 2022 жылы бұл 1920 болды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар саны биыл 22,7 пайызға немесе 894-тен 691-ге дейін қысқарды», - деп атап өтті Қайсар Сұлтанбаев.

Оның мәліметіне қарағанда, балаларға қатысты жасалатын жыныстық қол сұғушылық фактілерінің азаюы карантиндік шектеулерді алып тастаумен тікелей байланысты.

Фото: premium.vgc.no



Соңғы жаңалықтар