Елімізде бір аптада 2817 қылмыс жасалды -ІІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек өткен аптада тіркелген қылмыс статистикасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, өткен аптада республика бойынша 2800-ден астам қылмыс тіркелген.
«Бір апта ішінде 2817 қылмыс жасалды. Оның 1696-сы тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 10 кісі өлтіруді, 5 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 25 тонау және 417 мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді ол министрліктің кезекті брифингінде.
Еске салсақ, бір апта бұрын Шұғыла Тұрлыбек министрлік мамандары қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеп жатқанын айтқан еді.