Елімізде бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс тіркелді -ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Полицейлер қылмыстардың басым бөлігін тәулік ішінде ашты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Бір апта ішінде 2907 қылмыс тіркелді. Оның 1818-і тәулік ішінде ашылды», - деді Ш. Тұрлыбек министрліктің кезекті брифингінде.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері ізін суытпай 8 кісі өлтіру, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 31 тонау және 407 мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты.

Айта кетейік, бүгінгі брифингіде Anti-fraud жедел-алдын алу іс-шарасы аясында үш күнде полицейлер 150-ден астам киберқылмыстың бетін ашқаны жарияланды.

Сонымен қатар, елімізде шетелдік көлікті заңдастыру аясында 61 мың өтінім мақұлданды.

Соңғы жаңалықтар