Елімізде бірыңғай сынып сағаты өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21 тамызда еліміздің барлық оқушылары үшін «Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?» атты жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа 2020-2021 оқу жылында карантин шаралары кезінде білім алушыларды оқыту форматымен таныстыру мақсатында 21 тамызда «Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?» тақырыбында еліміздің барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді.

Сынып сағаты қашықтан өтеді, ал өткізу уақытын мектеп әкімшілігі бекітеді. Қалауы бойынша ата-аналар балаларымен бірге қатыса алады», делінген хабарламада.

Сынып сағаты барысында сынып жетекшісі келесі сұрақтарды түсіндіреді:

Карантин кезіндегі оқыту форматтары; қашықтан білім алу барысында пайдаланылатын интернет платформаның мүмкіндігімен танысу; мен және менің денсаулығым (гигиена негіздері, физикалық белсенділік); жаңа оқу жылында бағалау жүйесі; интернетте жұмыс істеу ережелері, ақпараттық қауіпсіздік.


Соңғы жаңалықтар
telegram