Елімізде қант өндіру көлемі 490 мың тоннаға дейін жеткізілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қант өндіру көлемін көбейтуге қатысты инвестор тарту келіссөздері жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Өндірістік мүмкіндікке тоқталсақ, қазіргі кезде Қазақстанда қант қызылшасын өңдеуге қатысты тәулігіне қуаты 8 мың тонна және құрақ қанты шикізаты бойынша 2 мың тонна болатын 4 қант зауыты (Алматы облысындағы Ақсу канты мен Көксу қант зауыты, Жамбыл облысындағы Меркі және Тараз қант зауыттары) жұмыс істеп тұр. Олар 2022 жылы ішкі тұтыну 555 мың тонна болғанда, 283 мың тонна қант өндірді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық қант өндірісін ұлғайту және импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында Павлодар облысының әкімдігі Ақсу қаласында агроиндустриалды парк аумағында қуаттылығы жылына 150 мың тонналық қант зауытының құрылысын жүзеге асырады», - деді Е. Қарашөкеев.

Осы орайда ол жобаның техникалық-экономикалық негізі аясында тиісті құжат әзірленгенін, Индустриялық парк аумағында зауыт құрылысына жер учаскесі (70 га) бөлінгенін айтты.

«Қант өндіруде құзыреті мен тәжірибесі бар инвесторды тарту үшін зауыттың құрылысына Calik Holding, YDA Group, Champion Foods, Murban, Rusagro, Inoks Capital сияқты шетел компаниялармен келіссөз жүргізіліп жатыр. Орта мерзімдегі перспективада қант өндіріуді 283 мыңнан 490 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл ретте егіс алқаптарын 12 мыңнан 38 мың гектарға дейін жеткізу есебінен отандық шикізаттан қант өндіру 33 мыңнан 250 мың тоннаға дейін артады. Нәтижесінде ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі 51%-дан 83%-ға дейін жеткізілмек», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда қантты жүгері мен бидайдан өндіру ұсынылды.

Ауыл шаруашылығы министрі қант импортын азайтуға қатысты пікір білдірді.


Соңғы жаңалықтар