Еліміздің 4 облысында көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақавтожол» РМК республикамыздың 4 облысында көлік қозғалысының барлық түрлеріне шектеу енгізілгенін хабарлайды.
None
None

Атап айтқанда, Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына, дәлірек айтқанда, боранға, жолдың нашар көрінуіне байланысты «РФ шекарасы (Екатеринбург)-Алматы» автожолының 1007-1247 шақырымында Астана-Атбасар учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Сондай-ақ Ақтөбе облысында «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының 92-176 шақырымында Алға-Шұбарқұдық учаскесінде жол қозғалысы тоқтатылды. Бұрынғыша «Ақтөбе-РФ шекарасы (Орға қарай)» (75-135 шақырым), Қос істек-РФ шекарасы учаскесінде, «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тас жолының 0-257 шақырымының Ақтөбе облысындағы Қандыағаш-Шалқар уческесінде, Алматы облысының «Үшарал-Достық» жолының 83-113 шақырымында Көктума-Ырғайты учаскесінде, сондай-ақ Қарағанды облысында «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 24-252 шақырымындағы Сәтпаев-Қостанай облысымен шекаралас учаскесінде жол жабық.

Соңғы жаңалықтар