Еліміздің білім министрі шетелдік ЖОО ректорларымен кездесті

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов шетелдің жоғары өнер институттарының ректорларымен кездесті.
None
None

Кездесу барысында тараптар өз елдеріндегі өнер әлемінде орын алған соңғы жаңалықтармен бөлісті. Министр қабылдауында болған қонақтар Қазақстан тарапының жылы қабылдауына өз лебіздерін білдірді. Өз кезегінде Б.Жұмағұлов еліміздің білім беру саласындағы соңғы жаңалықтармен бөлісе келе: «Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап, Қазақстанның барлық мектептерінде ағылшын тілі оқытыла бастайды. Биыл бірінші сыныпқа баратын 367 мың бала да ағылшын тілін оқитын болады», - деді.

Кездесуге Италия, Франция, Беларусь, Қырғызстан, Әзербайжан, Латвияның және отандық өнер институттарының басшылары қатысты.

Соңғы жаңалықтар