Еліміздің көлік полицейлері «Нұр Отан» ХДП Доктринасын талқылады

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Жақында «Нұр Отан» ХДП Доктринасының жаңа жобасы әзірленіп, бекітілген болатын. Ол бойынша түсіндіру жұмыстары еліміздің түкпір-түкпірінде өткізілуде. Осындай маңызды шара бүгіні Көліктегі ІІД-нің мәжіліс залында өтті. Жиынға департамент басшылығы мен жеке құрам қатысты. Оған Көліктегі ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуов басшылық етті, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Жеке құрамды Доктринанынң мазмұнымен жан-жақты таныстыру үшін «Нұр Отан» ХДП аналитикалық бағдарламалар жетекшісі Қазкенов Қазбек Майлыбайұлы арнайы шақырылды.

Қазбек Майлыбайұлы өз сөзінде жаңа саяси Доктрина жобасында «Нұр Отан» партиясының идеологиялық тұғырнамасы нақтыланып, партияның басты мұраттары мен басымдықтары, сондай-ақ Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудағы партияның рөлі айқындалғанын айтып өтті.

Доктринаның негізгі миссиясы мемлекетті құру болып табылады. Мұнда әрбір мақсаткердің, еңбекқордың және заң тәртібін сақтайтын азаматтың табысқа жетіп, өзіне де, қоғамға да пайда келтіретіндігі нақты айтылған.

«Нұр Отан» партиясы - Елбасының барлық стратегиялық бастамаларын іске асыру жолындағы тірегі, басты көмекшісі. Бұл ретте еліміздің ХХІ ғасырдағы даму мүмкіндігін айқындайтын «Қазақстан-2050» Стратегиясын тиімді іске асыру жолындағы партияның рөлі осы Доктринада айқын көрініс тапқан.

Айтуыл шара барысында Доктринада көрсетілген басым бағыттар жан-жақты әрі мұқият талқыланды.

Соңғы жаңалықтар