Елімізде 11 қыркүйек күні өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 11 қыркүйек күні болатын маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
10.00-де Астананың бірнеше спорт ғимаратында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді.
11.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру» тақырыбындағы баспасөз конференциясы өтеді.
15.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы өтеді.
15.00-де ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы баспасөз турын өткізеді.
Айта кетейік, 12 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінде Қазақстанның халық әртісі, композитор және мультиаспапшы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Дүние дидарындағы Димаш» атты көрменің ашылу рәсімі өтеді.