Елімізде 200 мыңға жуық адам өзіне құмар ойын ойнауға тыйым салды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда 200 мыңға жуық адам құмар ойындарына өз еркімен тыйым салуға қол қойды, деп хабарлайды Jibek Joly.

Құмар ойынға тәуелділіктен арылған жігіттің оқиғасы
Фото: DALL-E

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, өтінімдердің 98 пайызы eGov Mobile қызметі арқылы онлайн, қалғаны жазбаша түрде берілген.

Қазақстандықтардың ойынға тәуелділік қаупін азайту үшін былтыр елімізде бірегей «тоқтату түймесі» іске қосылды. Қызмет 21 жастан асқан азаматтарға қолжетімді және шектеулер алты айдан 10 жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.

Өтінішті қайтарып алу мүмкін емес, бірақ өз-өзіне тыйым салу уақытын ұзартуға болады.

Туризм және спорт министрлігі 2024 жылдың 18 наурызынан бастап құмар ойындарға өздігінен тыйым салудың онлайн қызметін енгізу жобасын жүзеге асырып келеді.

Еске салайық, бұған дейін 600 млрд теңгелік заңсыз құмар ойын схемасы бойынша тоғыз адам қамауға алынғаны туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар