Елімізде 30 мыңға жуық мопед тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР ІІМ Заң мен норма шығармашылығын үйлестіру департаментінің бастығы Ренат Зұлқайыров еліміздің аумағында 30 мыңға жуық мопед тіркелгенін мәлімдеді.

- Қазір ішкі істер органдарында 30 мыңға жуық мопед тіркелді. Сонымен қатар, жыл басынан бері «А1» санатындағы жүргізуші куәлігін 2 мыңнан астам адам алды, - деді Р. Зұлқайыров Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, 5 сәуірден бері әкімшілік жауапкершілікке тартылған мопед жүргізушілері тіркелмеген.
Бұған дейін биылғы 5 сәуірден жол ережесін бұзған мопед жүргізушілеріне жаза қатаңдатылатынын жазған едік.
Мопедтерді тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Жеке басын куәландыратын құжат, электронды түрде де болады, мопедтің техникалық құжатын немесе техникалық сипаттамалары туралы мәліметті ұсыну қажет.