Елімізде 60 онколог-радиолог маман жетіспейді

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде 60 онколог-радиолог маман жетіспейді. Бұл туралы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов айтты.

Опухоль в легком пациентки удалили за 20 минут павлодарские онкологи
Фото: Наталья Зинченко / Kazinform

- Қазіргі уақытта онкологиялық орталықтарда 60 онколог-родиолог мамандары жетіспейді. Ол үшін министрлікпен, университеттермен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз, - деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. 

Институт басшысының айтуынша, бүгінде патоморфологиялық, иммуногистохимиялық және молекулалық-генетикалық зертханалар бүкіл ел көлемінде жоқ. Мысалы, молекулалық-генетикалық зерттеулер тек 5 қалада жүргізіледі. Сондықтан зерттеулердің қолжетімділігін арттыру мақсатында жол картасы әзірленді. Ол:

  • барлық өңірлік онкологиялық орталықтарды қажетті зертханалық жабдықтармен кезең-кезеңмен жабдықтауды;
  • кадрлар даярлауды;
  • түрік мамандармен бірлесіп, халықаралық тәжірибені қолдана отырып, телепатология жүйесін енгізуді көздейді.

- Бұл зерттеулер диагностикада ғана емес, сонымен қатар емдеу тактикасын анықтауда және ісіктің мақсатты және иммунды-онкологиялық препаратқа сезімталдығын анықтауда қажет, - деді Ербол Бекмұхамбетов.

Айта кетейік, елімізде жыл сайын елімізде 41 мыңнан астам адамға онкологиялық аурулар диагнозы қойылады

Соңғы жаңалықтар