Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
Өтіп бара жатқан апта ішінде еліміздің жергілікті атқарушы органдарында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Kazinform.
Апта басында Президент өкімімен Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Оның орнына Марат Мақсұтұлы Аймашев тағайындалды.
Өңірлер бойынша, Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына Айдар Есенбеков тағайындалды.
Айдар Есенбеков 1979 жылы 8 тамызда туған, әл- Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, әлеуметтану магистрі. Еңбек жолын 2003 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған. 2004-2006 жылдары-Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы болды.
Ол 2006 жылдан бастап мемлекеттік органдар құрылымында жұмыс істейді. 2006 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Жетісу ауданы бойынша аумақтық бөлімінің бас маманы, Әуезов ауданы бойынша ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы қызметін атқарды. 2010-2012 жылдары этносаралық қатынастар және саяси партиялармен жұмыс, үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімді басқарды. 2012-2016 жылдары-Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары. 2016-2019 жылдары - Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы. 2019 жылдан бастап бүгінге дейін Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Алматы облысында Мемлекет басшысының келісімімен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының бұйрығымен Болат Серікпайұлы Жармақов облыстың аумақтық департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Болат Жармақов 1986 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген, 2007 жылы Қаржы полициясы академиясын бітірген. Ол 2003–2007 жылдары — ҚР Қаржы полициясы академиясының тыңдаушысы, 2007–2014 жылдары — Астана қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы), 2014–2021 жылдары — Астана қаласы, Ақмола, Павлодар, Түркістан облыстары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменттерінде басшылық лауазымдарды атқарды.
Ал 2021-2022 жылдары — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі анықтау және жолын кесу қызметі басшысының орынбасары болды. 2022-2023 жылдары — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің анықтау және жолын кесу қызметінің басшысы қызметін атқарды. 2023 жылдың 15 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушысы болды.
Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы қызметіне Жандос Әлімов тағайындалды. Ол бұған дейін Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
Жандос Әлімов 1988 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданында дүниеге келген.
2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университеті жанындағы құқық және экономика колледжін, 2010 жылы «Қайнар» университетін, 2014 жылы Тұран университетін және 2016 жылы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы Шалқар аудандық әділет бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
Еңбек жолының басым бөлігінде ҚР Әділет министрлігіне қарасты мемлекеттік мекемелерде сот орындаушысы, сарапшы, басқарма басшысы, Қостанай облысы әділет департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2020 жылдың тамыз айынан бастап Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Орал қаласы әкімінің өкімімен Арсен Зиннатұлы Ғұбашев қала басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің қызметіне жетекшілік ететін болады.
Арсен Ғұбашев 1987 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қазақ тілі мен әдебиеті және мемлекеттік жергілікті басқару мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын «Ақжайық» ФК» АҚ-ның баспасөз хатшысы қызметінен бастады. Әр жылдары Круглоозерный орта жалпы білім беретін мектебінің тәлімгері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінің «Талдау және ақпарат орталығы» РМК медиа-мониторинг басқармасы аймақтық БАҚ мониторинг бөлімінің БҚО бойынша сарапшысы, осы мекеменің жетекші сарапшысы, Орал қаласы әкімі аппаратының бас маманы және бас инспекторы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметінің басшысы болып еңбек етті. 2021 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметіне Жаханов Бахыт Дүйсенұлы тағайындалды.
Бахыт Жаханов 1974 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда политехникалық институтын «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің жетекші маманы болып бастап, әр жылдары осы департаментте түрлі лауазымдарда жұмыс жасаған.
2002-2008 жылдары облыстық білім және экономика басқармаларында бөлім басшысы, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті директорының орынбасары лауазымдарында қызмет көрсетті. 2008-2022 жылдары Қазалы ауданының әкімі, екі реттен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы және облыс әкімінің орынбасары ретінде тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу жолында еңбек етті. 2022 жылдың сәуір айынан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып келді.
Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының жаңа басшысы болып Нұрбол Телегенов тағайындалды.
Нұрбол Телегенов Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы «Отан» партиясы Сарыарқа аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі, «Жас отан» жастар қозғалысының басшысы, Астана қаласы «Отан» партиясы орталық аппаратының хатшы-референті болып бастады.
2005 жылы «Студенттік құрылыс жастарының еңбек жасақтарының республикалық штабы» мекемесінің атқарушы директоры болып тағайындалды. 2006 жылдан 2007 жылға дейін – Білім және ғылым министрлігі жастар саясаты департаментінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы, 2007 жылдан 2008 жылға дейін – балалардың құқықтарын қорғау комитеті әкімшілік-кадрлық және құқықтық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, Білім және ғылым министрлігі заң департаменті құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, 2008 жылдан 2009 жылға дейін – Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, 2009 жылдан 2010 жылға дейін – Ақтау қаласы «Қазақстан темір жолы» АҚ персоналды басқару департаментінің менеджері, 2010 жылдан 2013 жылға дейін – Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы болған.
2013 жылдан 2014 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің фронт-офис қызметінің басшысы, 2014 жылдан 2019 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының бас консультанты, сектор меңгерушісі, 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болған.
Сондай-ақ, Маңғыстау облысындағы маңызды стратегиялық «МАЭК» ЖШС-нің бас директоры қызметіне Қайрат Рахымов кірісті.
Қайрат Рахымов Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Сеул ұлттық университетін «инженер-электрик», «құқықтану» және «инженерия магистрі» мамандықтары бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2006 жылы «Қарағанды-Жарық» ЖШС-де электромонтер болып бастаған. 2007 жылдан 2008 жылға дейін ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Қарағанды облыстық басқармасында мемлекеттік монополияны реттеу және талдау бөлімінің жетекші маманы, 2008 жылдан 2009 жылға дейін – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің электр және Жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаментінің тарифтік, Техникалық реттеу және әдіснама басқармасының Техникалық реттеу мәселелері жөніндегі сарапшысы ретінде жұмыс істеді.
2009 жылдан 2010 жылға дейін – ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі энергия үнемдеу, энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздері департаменті энергия үнемдеу, энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздері саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, 2010 жылдан 2015 жылға дейін – ҚР Энергетика министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің бас сарапшысы, басқарма бастығы болып жемісті еңбек етті. 2015 жылдан 2018 жылға дейін – ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінде директордың орынбасары, 2018 жылдан 2020 жылға дейін – ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры болды. 2020 жылдан 2021 жылға дейін ҚР Энергетика министрлігінің вице-министрі қызметін атқарған. Ал 2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Электр энергиясы мен қуаты рыногының Қазақстандық операторы» АҚ-да басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.
Павлодар облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып Ержан Иманзаипов тағайындалды. Ол бұған дейін Екібастұз және Павлодар қалаларының әкімі болған.
Павлодар облысы әкімінің өкімімен Иманзаипов Ержан Бейбітұлы өңірлік энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Ержан Бейбітұлы 1984 жылы туған, жоғары білімді. Еңбек жолын 2006 жылы Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2006-2011 жылдар аралығында ҚР индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жетекші маманы болып қызмет етті.
2011 жылдан 2013 жылға дейін – Ақмола облысының табиғи монополияларды реттеу департаменті директорының орынбасары, одан соң 2014 жылға дейін – ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары болып еңбек етті. 2014-2017 жылдары – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2017 жылдан 2019 жылға дейін – Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды. 2019 жылдан 2020 жылға дейін – Екібастұз қаласының әкімі болды. 2023 жылдың қыркүйегіне дейін – Павлодар қаласының әкімі лауазымында қызмет атқарды. Бұл лауазымға дейін өңірлік кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болды.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Руслан Әлішев облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Руслан Әлішев 1978 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. 1997 жылы Петропавл экономика және құқық колледжін, 2001 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2006 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тәмамдаған. 2004-2009 жж. — СҚО «Петропавл қаласының Ішкі саясат бөлімі» ММ әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2010-2013 жж. — СҚО ішкі саясат басқармасының бас инспекторы, орынбасары және бастығы. 2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары болды.
2013-2014 жж. — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті электронды БАҚ басқармасының басшысы лауазымында болды. 2014-2016 жж. — «Нұр Отан» орталық аппаратының саяси жұмыстар департаментінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2016 жылы — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы, 2016-2018 жж. — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды.
2018 жылдың мамырынан 2019 жылдың сәуіріне дейін — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Орталық коммуникациялар қызметі» РМБ басшысы, 2019-2020 жж. — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болды. 2020-2022 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, 2022 жылдан бастап «Нұрмедиа» холдингінің басшысы, 2023 жылдан бастап осы тағайындауға дейін «AMANAT» партиясының хатшысы болып еңбек етті.