Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Жаханов Бахыт Дүйсенұлы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Бахыт Жаханов 1974 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда политехникалық институтын «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің жетекші маманы болып бастап, әр жылдары осы департаментте түрлі лауазымдарда жұмыс жасаған.
2002-2008 жылдары облыстық білім және экономика басқармаларында бөлім басшысы, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті директорының орынбасары лауазымдарында нәтижелі қызмет көрсетті.
2008-2022 жылдары Қазалы ауданының әкімі, екі реттен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы және облыс әкімінің орынбасары ретінде тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу жолында аянбай еңбек етті.
2022 жылдың сәуір айынан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып келді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды.
Сондай-ақ, Серік Қожаниязов Қызылорда қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.