15:08, 05 Ақпан 2026 | GMT +5
Елімізде бірінші сынып оқушылары 7 күн демалады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық бірінші сынып оқушыларына қосымша 7 күн демалыс беріледі, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
— Еліміздің мектептерінде 2026 жылғы 8 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды. 1-сыныпта білім алушыларға 2026 жылғы 9-15 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі, — делінген хабарламада.
Осыдан бұрын ауыл мектебінің педагогтері директор болудан неге қашқақтайтынын анықтап көрген едік.
Сондай-ақ, Мәжілістің жалпы отырысында депутат Самат Нұртаза білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік мәселесін көтерді.