Елімізде Қазақстан есімді қанша азамат бар

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпаратқа сәйкес елімізде Қазақстан есімді 28 азамат тұрады.

документы, паспорт, удостоверение
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Ведомство атап өткендей, олардың көпшілігі Қарағанды облысында (7 адам) және Ақмола облысында (6 адам) екені анықталды. 

— Қостанай облысы мен Астанада — әрқайсысында 3 азаматтан, Алматы мен Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында — әрқайсысында 2 адамнан бар. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында — бір-бір азаматтан тұрады. 28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі ғана Қазақстан, — делінген хабарламада.

Статистикалық деректер бойынша ең қарт Қазақстан 92 жаста, ең жасы 25-те екені нақтыланды.

Бұдан бұрын Ұлттық статистика бюросы халықтың өмір сүру сапасы туралы зерттеу нәтижелерін жариялады.

Соңғы жаңалықтар