Елімізде қымбат медициналық жабдықтарды пайдаланбау фактілері анықталды - министрлік

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда 2024 жылға арналған медициналық техниканы сатып алудың бекітілген жоспарына терең талдау жасалып жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде медицина саласын талқылауға арналған жиында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.

аппарат
Фото: Ақорда

«Былтыр және оның алдындағы кезеңде сатып алынған қымбат медициналық жабдықтарды пайдаланбау фактілері анықталды. Астанада қымбат техниканың әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Бұл тұрғыда қаражатты игерудің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылға арналған медициналық техниканы сатып алудың бекітілген жоспарына терең талдау жасалып жатыр», - деді А. Әлназарова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министр елімізде дәрі-дәрмекті тиімсіз пайдалану проблемасы әлдеқайда ауқымды екенін айтты. 

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, әлеуметтік мәні бар ауруға шалдыққан адамдарға медициналық көмек жасау мақсатында нормативтік базаға өзгерістер енгізеді. 

Соңғы жаңалықтар