Елімізде тағы да әйелді соққыға жығу сәті видеоға түсіп қалды

ұру
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM – Бұзақы қамауға алынды, қазір тергеу жүріп жатыр.

Әлеуметтік желіде көшеде беймәлім ер адамның көліктің жанында әйелді соққылап жатқан видео тарады. 

Видеодан еркектің әйелді шашынан сүйреп көлікке қинап мінгізбек болған сәтін байқауға болады. Болмаған соң әйелді ұрып-соғып, көлікке мініп кетіп қалады.

Кейін анықталғандай, оқиға Тараз қаласында болған. 

«Аталған факті бойынша 2024 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Бірер күн бұрын Алматыда әйелді соққыға жыққан ер адам қамауға алынғанын хабарлаған едік.

Одан бөлек, жақында Астанада дүкенге түсіп, күзетші әйелді ұрған ұры ұсталды. 

Соңғы жаңалықтар