Еліміздің 11 қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — Синоптиктер еліміздегі бүгінгі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

Атыраудағы ауа сапасы
Фото: Нұрбибі Теміртасова / Kazinform

— 2026 жылғы 29 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанған, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Алматыда аудандардың ауа сапасы бойынша рейтингі жасалды.

Бүгін Қазақстанның барлық өңірі бойынша ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар