Еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

Астана мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Фото: Freepik

— 2026 жылғы 13 ақпанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер, Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін Алматыдағы тексеріс кезінде әр екінші көлік экологиялық норманы бұзғаны анықталды.

 

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум