Еліміздің 4 қаласында ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

ауа сапасы, экология
Фото: Kazinform

— 13 сәуірде Алматы, түнде Қарағанды, Теміртау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, елордада «Таза Қазақстан — жауапкершілік белесі» атты ауқымды экологиялық айлық басталатыны хабарланды.

 

Соңғы жаңалықтар