Еліміздің 5 қаласында экологиялық ахуал нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: freepik.com

— 2025 жылғы 5 қыркүйекте Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұдан бұрын Орал мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайтынын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар