Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Kazinform

— 2026 жылғы 3 ақпанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Көкшетау, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Астана, түнде Атырау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін ақпанның алғашқы күндері ауа райы қандай болатыны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар