Еліміздің аймақтарында үсік жүруі ықтимал - Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы 2025 жылдың 2-4 қыркүйегі аралығында болатын күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның хабарлауынша, Қазақстанның күн райына антициклон әсер етіп, республиканың басым бөлігінде күн суытады.
Атап айтқанда, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және елдің шығысында түнгі уақытта термометр бағандары 2-8 градус жылылықты көрсетеді және 2 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.
Елдің оңтүстік-шығыс өңірлерінің тұрғындары күндіз ыстықтың 20-28 градусқа дейін түскенін сезеді. Тек елдің батысы, оңтүстік-батысы ауа температурасы осы кезде 32-40 градус ыстықты көрсетіп тұрған Иран аумағынан келетін жылы ауа масаларының ықпалында болады.
Осыған дейін Шанхайда аптап ыстық ұзақтығы бойынша жүз жылдық рекорд жаңарғаны туралы жаздық.