Еліміздің барлық қаласында ауа сапасы талапқа сай — синоптиктер болжамы

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Еліміздің барлық қаласында ауа сапасы талапқа сай — синоптиктер болжамы
Фото: Freepik

— 6 наурызда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, бүгін еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум