Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, найзағай, жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Абай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысы мен оңтүстік-батысында екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болады. Облыстың солтүстігі, батысы, шығысы және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік пен шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыс, батыстан соғып, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігі, шығысы және орталығында күндіз жаңбыр мен найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кей жерлерде екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен найзағай, оңтүстігінде әлсіз жаңбыр күтіледі. Облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғып, шығысында екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында күндіз жаңбыр мен найзағай болады. Оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кей жерлерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Батысында жоғары өрт қаупі сақталып, оңтүстік-шығысында да күтіледі.
Жетісу облысының таулы аймақтарында күндіз әлсіз жаңбыр мен найзағай болады. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 15–20 м/с, кейде 25 м/с-қа дейін жетеді. 12–15 сәуір аралығында облыстың солтүстігі, оңтүстігі және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр мен найзағай болады. Түнде және таңертең батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, шығысында екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және шығысында түнде және таңертең тұман болады. Батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысы, солтүстігі және шығысында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман болады.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде түнде тұман күтіледі. Жел батыстан соғып, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыс, батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с, күндіз кейде 23 м/с-қа дейін жетеді.
Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысы, солтүстігі және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында жаңбыр мен найзағай болады. Түнде және таңертең батысы мен орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғып, кей жерлерде екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.
Айта кетелік Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінің ағысы бәсеңдеген еді.