Еліміздің бірқатар өңірінің прокурорлары тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM - Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Президенттің келісімімен Бас Прокурордың бұйрықтарымен Батыс Қазақстан облысының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Нұрбек Ұласбекұлы, Маңғыстау облысының прокуроры – аға әділет кеңесшісі қызметіне Құшалиев Серікқали Жанбыбекұлы тағайындалды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының келісімі бойынша бірқатар аумақтық прокурорлардың ротациясы жүргізілді:
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры – Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров;
Бас көлік прокуроры – Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев;
Атырау облысының прокуроры – Мадияр Бекенұлы Басшыбаев;
Жамбыл облысының прокуроры – Берік Рақатұлы Әбілов;
Жетісу облысының прокуроры – Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов;
Қостанай облысының прокуроры – Марат Исламханұлы Сексембаев;
Павлодар облысының прокуроры – Алмат Мұратұлы Байшолақов;
Шығыс Қазақстан облысының прокуроры – Тимур Қайырбекұлы Сүлейменов.
Осыған дейін Бас прокурордың бірінші орынбасары тағайындалғаны туралы жаздық.