Еліміздің екі өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM — Ақтөбе облысында Экойл жанармай стансасынан Қызылорда облысының шекарасына дейін, ал Павлодар облысында Павлодар қаласынан РФ шекарасына дейін жол жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысында:
2025 жылғы 2 желтоқсан сағат 19:30–да ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесінде (Экойл жанармай стансасы — Қызылорда облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 3 желтоқсан сағат 05:00–де ашу жоспарланған.
Павлодар облысында:
Сағат 20:00–де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Павлодар — Шарбақты — РФ шекарасы (Шарбақты ө/п)» автожолының 0-112 шақырым аралығындағы учаскесінде (Павлодар қаласынан — РФ шекарасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 3 желтоқсан күні сағат 07:00–де ашу жоспарланған.
Сонымен қатар бірқатар облыста жол қозғалысы жанданды.
Ақтөбе облысы
Сағат 18:30–да республикалық маңызы бар «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 83-0 шақырым аралығындағы учаскесінде (Т.Жүргенов ауылы — Қарабұтақ елді мекені) бір бағыт бойынша көлік қозғалысы ашылды.
Сағат 19:30–да келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды.
Ақтөбе облысы:
— «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 0-234 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарабұтақ елді мекенінен — Қостанай облысының шекарасына дейін);
Қостанай облысы:
— «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 234-309 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе обл. шекарасынан — Адаевка ауылына дейін),
Бұдан бұрын «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы еліміздегі ауа райының күрт нашарлағанына байланысты жүргізушілерге жолда абай болу керектігі жөнінде ескерту жасады.