Еліміздің қай аймағында шекарадан заңсыз өтетіндер көп

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Биыл 4245 шетелдік елден шығарылса, 148-і қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

Қырғызстан Тәжікстанмен шекарасын қоршауға кірісті
Фото: Анадолы

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, әсіресе жылдың жылы мезгілінде және түнгі уақытта шекарадан заңсыз өту фактілері жиі тіркеледі. Мемлекеттік шекара еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жиі бұзылады.

Биыл 4245 шетелдік еркінен тыс елден шығарылса, 148-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылар көбіне мемлекеттік шекараның өткізу пунктін жаяу немесе көлікпен айналып өтпек болады.

Жақында Марокко Корольдігінің екі азаматы Солтүстік Қазақстан облысы арқылы заңсыз Ресейге өтпек болған жерінен ұсталды

— Қолданыстағы визасыз режимді пайдаланып екі марокколық халықаралық әуежайлар арқылы Қазақстанға жеткен. Олар алдымен БАӘ, Түркия, Қатардан өтіп, ел аумағына Әзірбайжан арқылы кірген. Одан әрі Ресейге өту үшін көрші мемлекетпен шекаралас облыс орталықтарына жетеді. Шетелдіктер көрші мемлекеттен өмір сүруге қолайлы мекен таппаса, әрі қарай Еуропа елдеріне кетпек болған, — делінген ведомствоның жауабында. 

Мамандардың айтуынша, биыл шекара қызметінде Қылмыстық кодекстің 394-бабының (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) 1-бөлігі бойынша — 8, 394-бабының 2-бөлігі бойынша — 10 іс тіркелген.  

Жалпы биыл елімізге көрші Өзбекстаннан шамамен 4,7 млн адам, Ресейден — 3 млн, Қырғыз елінен — 2,8 млн, ҚХР-дан — 790 мың, Тәжікстаннан — 731 мың адам келген.

Ал Беларусь Республикасынан — 139 мың адам, Үндістаннан — 127 мың, Түркиядан — 119 мың адам, Германиядан — 88 мың және Әзербайжаннан 83 мыңнан астам шетелдік аяқ басқан екен. 

Бұған дейін Қазақстанға қай елдерден еңбек мигранттары көп келетінін жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар