Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында үсік жүреді – Қазгидромет

Алдағы үш күнде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде түнде 1-3 градус үсік жүреді, деп хабарлайды Kazinform.  

Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында үсік жүреді – Қазгидромет
Фото: Kazinform

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталықта, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауады.

16 қазанда Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын болады.

Республиканың батысы мен оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Еліміздің басым бөлігінде күндіз термометр 10-20 градусқа дейінгі ыстықты көрсетеді.