Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді
АСТАНА. KAZINFORM — Жер сілкінісінің ошағы Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылынан 16 км қашықтықта орналасқан, деп хабарлайды ТЖМ.

ҚР ТЖМ «ННЦСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 12 наурызда Астана уақытымен 6 сағат 15 минутта жер сілкінісі тіркелді.
— Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан Республикасының аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 684.00 км жерде орналасқан. (Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылынан 16 км қашықтықта). Келес ауданының Абай ауылында 3.0 б., Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласында 3.0 б. шамасында болған. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ, — делінген хабарламада.
ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексерді.
— Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты, — деп атап өтті ведомство өкілдері.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам
1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз — жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); — көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Еске салсақ, кеше Жаркент тұрғындары жер сілкінісін сезгенін жаздық.