Еліміздің үздік инженерлері анықталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда мерейтойлық «2025 жылдың үздік инженері» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.
Алматыда ҚР Ұлттық инженерлік академиясының (ҚР ҰИА) – елдің инженерлік корпусының ту ұстаушысы – Жалпы жиналысының сессиясы өтті. 2015 жылы академия алғаш рет «Жылдың үздік инженері – 2015» республикалық байқауын ұйымдастырды.
10 жыл ішінде «Үздік инженер» республикалық байқауының лауреаты атанған Қазақстанның түрлі өңірлерінен 70-тан астам инженер болды.
2025 жылы байқау Х мерейтойлық мәртебеге ие болып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ерекше маңызға ие болды.

Мемлекет басшысы «Инженерлер – прогрестің жүрегі әрі жасанды интеллект дәуіріндегі елдің технологиялық егемендігінің кілті» екенін ерекше атап өтті.
Байқауға Қазақстанның барлық өңіріндегі мамандардан 75 өтінім келіп түсті. Байқау комиссиясының қорытындысы бойынша елдің ірі индустриялық және инновациялық жобаларын іске асыруға ерекше үлес қосқан 2025 жылғы 11 үздік инженер анықталды.
Айта кетейік, қазақстандық инженер АҚШ-тағы ең үздік 10 дрон әзірлеушінің қатарына енді.
Қазақ инженерлері әзірлеген контроллер Сербия мен Қытай зауыттарында тиімділігін дәлелдеді.