Елорда аудандары әкімдерінің есеп беру кездесулері жалғасуда

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін Астана қаласының Есіл ауданының әкімі Қайрат Жаңабергенов халық алдында ауданның 2008 жылғы экономикалық-әлеуметтік дамуы жөнінде есеп беру кездесуінің үшінші кезегі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Аудан әкімдігі алдында көгалдандыру, энергетиканы жаңғырту, әлеуметтік саланы дамыту, кешенді тұрғын үй салу жобаларын жүзеге асыру, туризмді дамыту мақсаттары қойылған. 2012 жылға дейін мемлекет 3 жылдық бюджеттік жоспарлау есебімен ауданның дамуына әртүрлі инвестициялар түрінде 150 миллиард теңгеден астам қаржы бөлмек. Аталмыш қаражаттың бір бөлігі жылумен, сумен, жарықпен қамтамасыз ету, көшелерді жинау сияқты қызметтерге жұмсалады», дейді Қ.Жаңабергенов. Аудан әкімі аудан жоспарында белгіленген әлеуметтік саланың 3 негізгі бағыттарын атады. Соның ішінде білім беру, денсаулық сақтау салалары басты назарға алынды. «Ауданда 4 мемлекеттік жалпы білім беру мектебі бар, онда 3 748 оқушы оқиды. Бүгінде бірқатар мектептерде оқушылар санының көптігінен сабақ 3 ауысымда өтеді. 1200-дің орнына 1700 бала білім алады. Алдағы жылдары тағы 2 мектеп салу жоспарда бар. Бұдан басқа ауданда 90 бүлдіршінге есептелінген 1 балабақша жұмыс істейді. Онда да бала саны 106-ға жетті. Ауданда барлығы 696 мектепке дейінгі жастағы бала бар, қалалық кезек 3 мыңнан асады. Үш жылдық бюджет жоспарына ауданда тағы 5-6 балабақша салуға қаражат бөлуді енгіздік», деп атап өтті аудан әкімі. 2009-2012 жылдарда 4 мамандандырылған оқу орнын салу жоспарлануда. Оның үстіне, ҚазМЗУ университет қалашығы пайдалануға берілмек. «Алдағы уақытта жаңа Қан орталығы, перзентхана, жедел жәрдем ғимараттары пайдалануға беріледі. Сонымен бірге, 30 мың орындық стадион мен республикалық велотрек, коньки тебу стадионы ашылады», - деді Қ.Жаңабергенов.Ертең Қ.Жаңабергеновтің Есіл ауданының дамуы жөніндегі соңғы есебі Қазақ гуманитарлық Заң университетінде тыңдалады.
Соңғы жаңалықтар