Елорда емханалары екі есе жүктемемен жұмыс істеп жатыр - И. Тасмағамбетов есебі

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов халықпен есепті кездесуі барысында елордалық емханалар екі есе жүктемемен жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
None
None

Қазіргі кезде емханалық буынды кеңейту мәселесі өткір тұрғанына тоқталған әкім, «бүгінде астаналық 9 емхананың жиынтық қуаты 300 мың тұрғынға қызмет көрсетуге есептелген. Ал бүгінде тіркелмеген азаматтарды есептемегенде Астанада 800 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Нәтижесінде, қаланың барлық емханалары екі еселік жүктемемен жұмыс істеуде», - деп түсіндірді қала әкімі.

Белгілі болғандай, елордада салынып жатқан жеті нысанның үшеуі емханалық мекеме болып табылады. Екеуінің құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған, ал қалған 5 нысанда құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар