11:54, 19 Шілде 2021 | GMT +6
Елордада Құрбан айтқа байлап қойған бұқа қашып кетіп, полицейлерді әбігерге салды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 шілдеде полицияға елордадағы А.Жұбанов көшесінде бұқа жүргені туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері бұқаны жолдың көлік жүретін жолағынан айдап шықты. Ол апатты жағдай тудырып, жол-көлік қозғалысына кедергі жасаған. Бұқаны полицейлер А.Иманов көшесіндегі үйдің ауласына байлады.
29 жастағы ер адамның бұқаны Құрбан айтқа алдырғаны анықталды, алайда ол қашып кеткен. Бұқаның иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.