Елордада М. Жұмабаев көшесі жөндеу жұмыстарына жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады.

жол жабылады
Фото: Астана әкімдігі

— Қала тұрғындарын мен қонақтарын Қ. Мұнайтпасов көшесінен Б. Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде М. Жұмабаев көшесінің жол жөндеу жұмыстарының жүргізілетіні туралы хабардар етеміз. Осыған байланысты 11-20 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте автокөліктердің қозғалысы тараптардың бірімен екі бағытта да ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз, — делінген басқарма таратқан ақпаратта.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. 

Бұдан бұрын Астанада өтетін Jüregımnıñ Jeñımpazy қайырымдылық жүгіру марафонына байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектелетіні белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар