Елордада су басу қаупі бар учаскелердегі бөгеттер нығайтылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түрлі төтенше жағдайдан азаматтық қорғауға қатысты ел аумағында жыл сайынғы «Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтіп жатыр. Онда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша іс-қимылдар, су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларға ден қою шаралары пысықталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Елорда әкімдігінің ресми сайтының ақпаратына сәйкес, о қу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтері мынадай іс-шараларды пысықтауда:

- азаматтық қорғаудың аумақтық және салалық жүйелерінің жұмыс істеу режимін су тасқыны кезеңіндегі ТЖ қаупі және туындауы кезіндегі міндеттерді орындауға Жоғары әзірлік режиміне келтіру;

- су тасқыны кезеңінде ТЖ жоюға дайындық деңгейін және қабілетін арттыру;

- көлік магистральдары мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмыс істеуін бұзу жағдайларында бағынысты күштерді басқару бойынша жұмыстарды үйлестіру;

- азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының су тасқыны кезеңіндегі ТЖ ден қоюға дайындығын тексеру.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру үшін қала әкімімен арнайы нұсқау бекітілген. Сонымен қатар, нұсқаулық міндеттерді іске асыру бойынша барлық азаматтық қорғау қызметтеріне жіберілген.

Оқу-жаттығудың жедел штабы елорданың ТЖД базасында өткізіледі, онда республикалық штабтың кіріспе және шешімдерін пысықтау үшін қаланың азаматтық қорғау қызметтері орналасқан.

Оқу-жаттығудың практикалық іс-қимылдарын пысықтау елордада қаланың су тасқыны қаупі бар учаскелерінде өтті. Есіл ауданының «Үркер» елді мекенінде, Сарыарқа ауданында Дулатов көшесі, 176/1 («Қарақат» балабақшасы), Горький көшесі, 22 «Теміржолшылар» елді мекенінде және «Нұрлы Жол» вокзалы ауданында «Щебсклад» бақша қоғамының учаскесінде бөгеттерді тұрғызу және нығайту бойынша практикалық іс-шаралар пысықталды. Сол сияқты Байқоңыр ауданы «Автоматика» елді мекенінде бөгетті нығайту және су ағатын құбырларды ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жалпы практикалық іс-шараларға қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің жеке құрамынан 136 адам және 35 техникасы қатысты.


Соңғы жаңалықтар